Денсаулық
Қазақстан Президенті Паралимпиадашыларға сәттілік тіледі
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2016
- 734
Қазақстан Президенті Паралимпиадашыларға сәттілік тіледі
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Паралимпиада құрамасына Рио-деЖайнеродағы Паралимпиада Ойындары қарсаңында сәттілік тіледі.
«Қазақстан құрамасының Олимпиадада көрсеткен жетістіктері спортшы-паралимпиадашыларымызға шабыт береді. Бірнеше күннен соң олар Рио-де-Жанейрода жарысты бастайды. Оларға XV Паралимпиада Ойындарында сәтті өнер көрсетуді және жоғары нәтижелермен оралуды тілейік», - деді бүгін Елбасы ХХХІ Жазғы Олимпиада Ойындарының жүлдегерлерін марапаттау шарасында.
Айта кетейік, Паралимпиада Ойындары 7 және 18 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода өтеді. Онда ел намысын 10 спортшы қорғамақ.
Жүзуден Роман Агалаков, Наталья Звягинцева, Ануар Ахметов мен Зүлфия Габидуллина, дзюдодан Ануар Сариев қатысады. Пауэрлифтерлер Гүлбану Әбдіxалықова, Раушан Қойшыбаева, Вадим Дукарт та паралимпиада медаліне таласып көреді. Жеңіл атлетикада ел намысын Аман Калкаев, садақ атудан Александр Медведев қорғайтын болады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




