Денсаулық
Отандық өнімді насихаттаған үздік журналиске автокөлік табыс етіледі
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2016
- 589
Отандық өнімді насихаттаған үздік журналиске автокөлік табыс етіледі
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында журналистер арасында отандық өнімдерді насихаттау мақсатында «Самғау»ұлттық байқауы өтеді.
Шараны Бас редакторлар клубы мен «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы ұйымдастырып отыр.
Байқау 7 аталым бойынша өтеді. Оған еліміздегі барлық БАҚ өкілдері қатыса алады, деп хабарлайды halykmarkasy.kz.
Жеңімпазға арналған басты жүлде – Қазақстанда жасалған автомобиль.
Айта кетейік, байқауға өтінімдер 30 қыркүйекке дейін halykmarkasy@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.
Ал, барлық аталымдар бойынша материалдар байқауға 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде электронды түрде ғана ұсынылады. Байқау мына аталымдар бойынша өткізіледі: «Баспасөз» (газеттер, журналдар); «Радио»; «Телевизия»; «Интернет – БАҚ» (оның ішінде жаңалықтар агенттіктері); «Әлеуметтік медиа» (блогерлер); «Шетелдік БАҚ».
Ақпарат көзі: kaztrk.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




