Денсаулық
Риодағы жүлдесі үшін спортшыларына ең көп сыйақы төлейтін елдер
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2016
- 229
Риодағы жүлдесі үшін спортшыларына ең көп сыйақы төлейтін елдер
Рио Олимпиадасындағы жеңісі үшін спортшыларына ең көп мөлшерде сыйақы төлеген Сингапур,- деп хабарлайды Stan.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Ел тарихында алғаш рет суда жүзу спортының спортшысы Джозеф Скулинг 100м қашыққа жүзуден рекорд жаңартты. 21 жастағы спортшы олимп шыңын бағындыру үшін аты аңызға айналған америкалық Майкл Фелпстің рекордын жаңартуға тура келді.
Джозефке 800 мың АҚШ доллары сыйақы ретінде беріледі. Әрине ол қаржының 20%-ы Ұлттық спорт қауымдастығына беріледі.Ол ақша жаңа чемпиондардың дайындығына жұмсалады.
Индонезия елі де Олимпиада жеңімпаздарына жомарттық танытып отыр. Мұнда чемпион атанған спортшыға еліне оралған сәтте бірден 376 000 АҚШ доллары, оған қоса өмір бойынай айына 1500 АҚШ доллары төленіп отырады. Бұдан бөлек Индонезия Бадминтон федерациясы Риода чемпион атанған спортшысына жоғарыда айтылған қаржыдан бөлек 76 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақыны қосып берген.
Көршілес елдерден Малайзия да сыйақы тағайындау бойынша кем түспейді. Бұл елдің спортшылары Рио Олимпиадасынан қола, күміс жүлделер алды. Чемпион шыққанда оған бұрын соңды көрсетілмеген сый-құрмет жасалары анық еді. Елде чемпионға 372 000 АҚШ долларын сыйақы ретінде төлеу бекітілген.Бұдан бөлек салмағы 12 келі шығатын алтын құйма, оның бағасы 600 000 АҚШ доллары шамасында дайындалған еді. Рио олимпиадасы бойынша Малайзия 4 күміске 75 000 АҚШ долларын, 1 қолаға 25 000 АҚШ долларын төледі. Бұған қоса жүлде алған спортшылардың барлығы өмір бойына 1200 АҚШ доллары шамасында айсайынға төлем алып отырады.
Тайланд көршілестеріне қарағанда медаль саны бойынша көш ілгері шықты. Онда ел қоржынында 24 медаль бар. Яғни 7 алтын, 6 күміс, 11 қола. Тайланд спортшылары ауыр атлетика мен тхэквондодан мықты. Тайланд алтын медаль үшін – 288 000 АҚШ долларын, күміс медальға- 173 000 АҚШ долларын, қолаға -115 000 АҚШ долларын төледі. Тайланд елінің заңы бойынша бұл қаржының жартысы спортшыға бірден беріледі. Ал қалған жартысы 20 жыл ішінде айсайын бөлшектеніп төленеді. Мұндай шешімге спортшылардың қомақты қаржыны ойынхана мен бір күндік кешке салып жіберген кездері көбп болғандықтан осындай шешім қабылдаған.
Филиппиндіктер де жеңіске жеткен спортшыға төленетін қаржыдан тарынған емес. Бұл ел 1924 жылдан бері Олимп шыңын бағындыра алмай келеді. Риодағы жеңіс үшін әр бір спортшыға 212 000 АҚШ доллары белгіленген еді. 2016 жылғы жазғы ойындарда бұл ел қоржыны жалғыз медальды қанағат тұтты. Ауыр атлетика бойынша Хидилин Диас күміс жүлдегер атанды. Ол үшін спортшы 106 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.
ТМД елдері арасынан спортшыларына жомарттық танытатын Әзірбайжан елі. Бұған дейін бұл елдің спортшылары алтын үшін 510 000 АҚШ долларын алатын. Осы жолы әлемдік дағдарыс әсер еткен болса керек әзірбайжандық спортшылар 255 000 АҚШ долларын алды.
Қазақстан алтын медаль үшін спортшыға 250 000 АҚШ долларын төледі.
Спорттан алдыңғы қатарда тұрған державалар арасында спортшыларына жомарт Ресей екен. Онда Рио жеңімпаздары арасынан алтын алған спортшыға – 60 000 АҚШ доллары, күміс иегеріне – 37 000 АҚШ доллары, қола жүлдегеріне – 25 000 АҚШ доллары берілді. Айтакететіні, реселіктер спортшыға берілетін сыйақының көлемін рубльмен есептегенде Лондон Олимпиадасындағы бағада қалдырды. Бірақ долларға ауыстырған кезде соның жартысы болып қалды.
Қытайда алтын -$ 50 000, күміс -$25 000, күміс-$ 15 000. Есесіне Олимп шыңын бағындырған қытайлық спортшылар елге оралғаннан кейін жақсы жерлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі болады. Оларға өмір бойғы зейнетақы тағайындалады.
Тек АҚШ-ғана өз спортшыларын шектен тыс ақшаға қарық қылмайды екен. Мысалы, ол елде Олимпиада чемпионына берілетін қаржы көлемі 1984 жылдан бері еш өзгермепті. Алтын-$ 25 000, күміс- $15 000, қола- $ 10 000. Бұл салығы ұсталмаған сыйақы көлемі. Осы сыйақыдан алтын алған спортшы $ 9900, күміс-$ 5940, қола-$ 3960 көлемінде салық төлейді.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді