«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Головкин-Альварес жекпе-жегін 2017 жылдан қалдыруға болмайды – Оскар Де Ла Хойя

Головкин-Альварес жекпе-жегін 2017 жылдан қалдыруға болмайды – Оскар Де Ла Хойя
ашық дереккөз
Головкин-Альварес жекпе-жегін 2017 жылдан қалдыруға болмайды – Оскар Де Ла Хойя
Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен орта салмақтағы IBF/IBO/WBA/WBC дәрежелері бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жекті келесі жылы ұйымдастыруға уәде беріп отыр, деп хабарлайдыBaq.kz тілшісі Чемпионат.com сайтына сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жекті 2017 жылдан қалдыруға болмайды. Меніңше, қазіргі кезде бокс әлемінде оны бәрі күтіп отыр. Жанкүйерлердің қызығушылығын ескере отырып, ол жекпе-жек қыруар қаржы әкеледі деп ойлаймын. Бұл кездесу Хаглер-Хирнс жекпе-жегімен бірдей болады», - деп атап көрсетті Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя.
Айта кетейік, Сауль Альварес соңғы кездесуде Әмір Ханды жеңіп, рингте сұхбат беріп жатқанда Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шақырған болатын. Алайда артынан өз белбеуінен бас тартып, қазақстандық боксшыға жол берді. Осыдан кейін мексикалық жанкүйерлер «Канелоны» сынға алды. Өз кезегінде спортшы бірінші орта салмақта өнер көрсететінін алға тартып, толық салмақта бокстасу үшін әлі де жаттығу қажеттігін жеткізген. Енді, алдағы жекпе-жектерде Сауль Альварес толық орта салмақта жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Осылайша, ол Геннадий Головкинмен кездесуге дайындалып, осы салмақта толығымен бейімделуді көздейді. Қыркүйектің 10-ы күні Геннадий Головкин британдық Келл Брукпен кездеседі. Ал Сауль "Канело" Альварес өз кезегінде Лиам Смитпен күш сынасып көрмек.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар