Денсаулық
Жамбылдық жедел қызметкерлер тобы Алматыда жоғалған 16 жастағы қызды іздеп жатыр
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2016
- 590
Жамбылдық жедел қызметкерлер тобы Алматыда жоғалған 16 жастағы қызды іздеп жатыр
Облыстық ІІД Таразда жоғалған қызды іздеу үшін жедел іздеу тобын құрды. Бұл туралы өңірдің ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. «20 тамызда Тараз қ. ІІБ 3-ПБ-ге 1973 жылы туған Олег Репин жүгінді, ол 2016 жылғы 16 тамызда сағат 10.00-де оның 2000 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған қызы Кристина Репина құжат тапсыру үшін колледжге кеткенін, осы уақытқа дейін үйіне оралмағанын айтқан», - деп түсіндірді құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінен.
ІІД-де бар материалдарға сәйкес 16 тамызда Кристина Репина досы Дмитрий деген біреумен Алматыға шыққан. Дмитрийдің деректерін анықтау бойынша шаралар қабылдануда.
Қыздың қайда екенін анықтау үшін жедел іздеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта Алматы қаласына жедел топ жіберілді, деп нақтылады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
Қыздың жоғалғаны туралы хабарлама «ВКонтакте» желісіне шыққаны белгілі. Ол ақ мокасины, қара футболка, қалтасында қоян суреті бар көк джинсти киген деп айтылған. Қыздың туыстары оны іздеуге еріктілерді шақырғаны хабарланады, қандай да бір ақпарат болса мына телефондарға хабарласуын өтінген: 87774316419 (Олег) немесе 87779306486 (Ольга).
Ақпарат көзі: ҚазАҚпарат
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




