Денсаулық
Шамадан тыс жұмыс істейтін жапондар қаланың кез келген жерінде ұйықтап жатады
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2016
- 558
Шамадан тыс жұмыс істейтін жапондар қаланың кез келген жерінде ұйықтап жатады
Еңбекқор жапондар жұмысты шамадан тыс істейтіндері соншалық оларды көшеден немесе қоғамдық орындарда ұйықтап жатқан жерінен көптеп кездестіруге болады.
Осы ретте британдық фотограф Эдриан Сторидің Токиода түсірген суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.
Метрода, сәкіде, тіпті көше ортасында сұлап жатқан адамдарды бір қарағанда үй-күйсіз қалған біреу екен деп қалуыңыз әбден мүмкін.
Алайда, үстіндегі киімінің дұрыстығына, қолындағы сөмкесіне қарап ондай ойдан дереу айнып қаларыңыз анық. Мұның бар себебі – жапондардың 12 сағат жұмыс істеуі.
Фотограф кешке қарай қаланың көп жерлерінде тұрғындардың ұйықтайтынын байқаған соң осы уақытта арнайы суретке түсіру үшін көшеге шығады екен.
Ел арасында метро мен сатыларда, бақтарда, көшенің қақ ортасында, тротуарда, бизнес орталықтарында ұйықтап жататын адамдарды көру қалыпты жағдайға айналған.
Күншығыс елінің өте еңбекқор халық екені барша мәлім. Олар дамыған технология, өндіріс саласымен озық келеді.
Алайда, ол үшін халық аянбай-талмай жұмыс істеп, үйіне қайтуға шамасы қалмағанша осылай еңбек етеді.
Ақпарат көзі: Alashainasy.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




