Астананың жаңа вокзалы қазіргісінен 11 есе үлкен болады
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2016
- 207
Елорданың жаңа вокзалы орнында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның көлемі қазіргі қолданыстағы вокзалдан 11 есе үлкен. Вокзал кешенінің параметрі мынадай: ұзындығы – 630 м, ғимараттың биіктігі – 49,75 м, ені – 116 м. Құрылысшылар тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі кезде нысан құрылысына 1350 еңбеккерлер мен мамандар тартылған. Бүгінгі таңда вокзалда монолитті темір бетон қаусырмасының құрылысы аяқталды. Оған 150,0 мың м³ бетон жұмсалды. 26,0 мыңтеңгеге металл қаусырмасы (88%) құрастырылды. Қасбеттегі шыны аспалы жүйесін 15% құрастыруға (7 200 м²) материал жұмсалды. Сыртқы қабырғасының 20%-ы (11 000 м²) орындалды. Вокзалға кіретін теміржол эстакадасының құрылысы жүргізілуде. Оған жұмсалатын 27,8 мың м³ жалпы бетонның 26,7 (96%) орындалып, бөлмеаралық металл қаусырмаларының 24,0 мың теңгеге (92%) құрастырылды. Рельс, бетон, металл, арматура, цемент – отандық өнімдер. Жаңа вокзал арқылы тәулігіне 35 мың жолаушы өтетін болады. Қазіргі қолданыстағы вокзалдың тәуліктік жолаушыларды өткізу мүмкіндігі 7 мың адамды құрайды. Астананың басты теміржол қақпасы оған келіп қосылатын Тобыл, Көкшетау, Павлодар бағдарларына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді