Денсаулық
Сербия Қазақстан Президентін зеңбіректен 10 дүркін оқ атып, салтанатпен қарсы алды
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2016
- 457
Сербия Қазақстан Президентін зеңбіректен 10 дүркін оқ атып, салтанатпен қарсы алды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербияға сапары басталды. Сербия сарайы ғимаратына келген Елбасын сербиялық әріптесі Томислав Николич қарсы алып, зеңбіректен 10 дүркін оқ атылды. Осыдан кейін екі елдің мемлекеттік әнұраны ойналып, мәртебелі мейманның құрметіне сап түзеген қарауыл бастығы баянат жасады.
Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі аяқталғаннан кейін екі елдің Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездеу залына өтті. Қазіргі уақытта кездесу басталып кетті, одан кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізіледі. Қорытындысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.
Мұнан бөлек, Елбасының Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичпен және Серб патриархы Иринеймен кездесуі, сонымен қатар Белград орталығындағы шағын алаңдардың бірінде Сербия Президенті Томислав Николичпен бірге Жамбыл Жабаевтың мүсінін ашуы күтілуде.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




