Денсаулық
Назарбаев Польша Президентіне бірлесіп көлік дәлізін дамытуды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2016
- 392
Назарбаев Польша Президентіне бірлесіп көлік дәлізін дамытуды ұсынды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев польшалық әріптесі Анджей Дудаға Ресейге көлік дәлізін дамыту бастамасымен жүгінуді ұсынды.
«Экономикалық ынтымақтастық айналып кеп көлік мәселесіне тіреледі. Қазақстаннан Польшаға қалай өту керек немесе керісінше. Авиациялық мәселені шешеміз. Дәстүрлі қатынас - Ресей арқылы. Президент мырза (Анджей Дуда), бүгін бастамамызды Ресейге айтайық. Тым болмағанда көлік бойынша үшжақты келісім пысықтауды бастайық», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Варшавада өткен қазақстандық-польшалық бизнес-форумда сөз сөйлеу барысында.
Оның айтуынша, бұл барлық игі істің бастауы болмақ. «Тіпті сұрапыл соғыстан кейін де бейбітшілік орнайды. Бір күндері мұның барлығы аяқталады. Ал біздер сауда-саттық жасап, елімізді дамытуымыз қажет. Уағдаластыққа келуге болады деп ойлаймын», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




