Денсаулық
Испанияда шахматтан ең ірі турнир өтті: тастар орнына тракторлар
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2016
- 603
Испанияда шахматтан ең ірі турнир өтті: тастар орнына тракторлар
Испаниялық шаруалар егін алқабында тракторларымен шахмат ойнады, - деп хабарлайды 24.kz.
Шаруалар шахматтың жаңа түрін ойлап шығарған. Жазық даланы ойын тақтасына айналдырған диқандар фигуралардың орнына тракторларды қойған. Егіншілердің ермегіне айналған турнир биыл екінші рет өтіп отыр екен. Ойынды екі адам қарапайым шахмат тақтасында ойнайды. Тек олар әр жүрісін радиоқабылдағыш арқылы өз механизаторына айтып отырады.
"Шахматтан көп нәрсе аламын. Мектептегі үлгеріміңнің артуына, ойлау қабілетіңнің дамуына көп әсер етеді. Жалпы шахматтан өмірдегі кез-келген кикілжіңнің шешімін табуға болады", - дейді шахмат ойыншысы Артур Фернандес.
Ойынға 25 мың шаршы метр жер пайдаланылған. Ал оны әлемнің түпкір-түпкірінен 3 мыңнан астам адам тамашалады.
"Біздің алқаптарымыз әлемдегі қуаңшылық жайлаған жерлердің бірі. Сондықтан біз осы жерде маңдай терін төгіп, еңбек етіп жатқан адамдарға сый құрмет көрсеткіміз келді", - дейді Андрес Ласаро.
Ақпарат көзі:Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




