Абайдың әжесі Зереге ескерткіш орнатылды
Шығыстың шұрайлы мекені Жарма ауданы, Қалбатау ауылында дүбірлі той өтті. Хәкім Абайдың әжесі, қажы Құнанбайдың анасы Зере Бектемірқызына Жарма жұртшылығы жұмылып ескерткіш орнатты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы аналары» атты іс-шара аясында аталған ескерткішті орнатуға ұйытқы болған – Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов.
Мүсінді мінсіз бейнелеген суретшілер: әкелі-балалы Ертіс Тәтиев пен Еркебұлан Ертісұлы. Олардың айтуынша, Зере әженің тізесіне немересін отырғызу идеясы нағыз әже бейнесін айшықтап тұр.
– Зере әже бейнесін, «Абай жолы» эпопеясын көп оқығанымыздан болар, қиналмай жасап шықтық. Өткен қараша айында қолға алған жұмыс еді, енді міне, халыққа ұнап жатыр, жемісін көріп, қуанып жатырмыз, – дейді мүсіншілер.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




