Тәуелсіздіктің 25 жылдығына үздік 25 ән іріктелуде
Биыл тәуелсіздігімізге – 25 жыл. Осы орайда Қазақстан ұлттық арнасы «Тәуелсіздікке 25 ән» музыкалық жобасы басталғанын мәлімдеді.
Бұл туралы әнші Еркін Нұржанов өзінің Инстаграмдағы парақшасында: «Жоба аясында интернет қолданушыларға Тәуелсіздік жылдары орындалған ең үздік 25 әнді дауыс беру жолымен таңдау мүмкіндігі беріледі. Ең көп дауыс жинаған әндер жыл соңында байқау қорытындысы бойынша ұйымдастырылатын гала-концертте орындалмақ», – деп жазған еді. Қазіргі таңда Корпорация порталында дауыс беру жүріп жатыр. Онда ширек ғасырға жуық уақытта хит болған 200-ге жуық ән орналастырылған. Ал ақтық концертке бар болғаны 25 ән өтеді екен. «Біз Сізден өзіңіздің жанкүйерлеріңізге осы ақпаратты (инстаграм, фейсбук) жеткізуіңізді сұраймыз. Өзіңіз де дауыс берсеңіз нұр үстіне нұр болар еді. Көп дауыс жинап, үздіктер қатарынан көрінуге тілектеспіз!» – деп жалғады сөзін Еркін Нұржанов. Айта кетейік, 200-ге жуық әннің ішінде Қазақстанның халық әртістері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Ескендір Хасанғалиевтердің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің, қазақтың «Ақбаяны» аталған Мадина Ералиеваның, сондай-ақ, отандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы әндер бар.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді