Денсаулық
Олимпиада-2020 ең жоғары деңгейде ұйымдастырылатын болады - Синдзо Абэ
- author «Ақ жол»
- 22 тамыз, 2016
- 543
Олимпиада-2020 ең жоғары деңгейде ұйымдастырылатын болады - Синдзо Абэ
Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарын ең жоғары дәрежеде ұйымдастыруға ел үкіметі барынша күш салатынына уәде етті. Бұл жөнінде ол жексенбі күні Рио-де-Жанейродағы ойындарға қатысқан жапондық Олимпиада құрамасымен кездесуде мәлімдеді, деп жазды ТАСС.
«Біз 2020 жылы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге қажетті дүниенің бәрін жасаймыз. Токиодағы Ойындар әлемдегі барша халыққа ұнайды деп үміттенемін», - деп Киодо агенттігі премьер-министрдің сөзін келтірді.
Сонымен бірге, Абэ Олимпиадада ойын көрсеткен жапон спортшыларына алғыс білдірді. «Жапонияға оралған соң, сендер өз әсерлерің, өз тәжірибелерің жайлы басқалармен бөлісулеріңді қалаймын. Бәріміз бірге Токиодағы Олимпиада ойындарына қадам басамыз», - деп толықтырды өз сөзін Жапония үкіметінің басшысы.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




