Денсаулық
Назарбаев Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты
- author «Ақ жол»
- 22 тамыз, 2016
- 657
Назарбаев Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты
Қазақстан Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Жеделхатта Мемлекет басшысының Газиантеп қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
"Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды. Терроризмнің тамырына балта шабу - әлемдік қоғамдастық үшін ең басты мәселе. XXI ғасырдың індетіне қарсы күресте біз бауырлас түрік халқымен біргеміз", - делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ердоғанға, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша түрік халқына көңіл айтты. Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында үйлену тойы кезінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, салдарынан 50 адам қаза тауып, 94 адамның зардап шеккен болатын. Кейінірек БАҚ-тарда бұл жарылысты 12-14 жастағы жасөспірімнің жасағаны хабарланды. Ол адамлар билеп жатқан сәтті жарылғыш затты іске қосқан.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




