Денсаулық
Варшавада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ат бәйгесі өтті
- author «Ақ жол»
- 22 тамыз, 2016
- 530
Варшавада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ат бәйгесі өтті
Польшадағы ҚР елшілігі Варшавада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ат бәйгесін ұйымдастырды.
Варшавадағы әлемдегі ірі және әдемі «Służewiec» атшабарында ат бәйгесі өтті. Қаланың орталығындағы ауданы 138 гектар осы аумақ отбасымен таза ауада демалатын жұртшылықтың сүййікті орны.
«Польша үкіметі мен бизнесі деңгейінде бұл шараға үлкен делегация қатысты. Оның аясында «ЭКСПО-2017» жаһандық жобасы кеңінен насихатталды, көрмеге Польша да қатысатын болады. Сондай-ақ экономикада ғана емес, мәдениет, білім, ғылым, зерттеулер, туризм салаларында екі жақты ынтымақтастық пен байланыстарға баса көңіл бөлінді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне елшіліктің кеңесшісі Денис Есентаев.
Бәйгеге жергілікті сәйгүліктер қатыстырылды, олардың арасында қазақстандықтардың аттары да болуы ықтимал екенін айтты Денис Есентаев. «Біз Польшадан, атап айтқанда, Варшавадан және Вроцлавтан бәссаудаға аттар сатып аламыз. Қазақстандық сатып алушылар мұнда жылына 100 шақты ат сатып алады», - деп атап өтті ол.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




