Денсаулық
Олимпиада тарихында алғаш рет әйел боксшыға Вэл Баркер кубогы табыс етілді
- author «Ақ жол»
- 22 тамыз, 2016
- 492
Олимпиада тарихында алғаш рет әйел боксшыға Вэл Баркер кубогы табыс етілді
Атақты америкалық боксшы, екі мәрте олимпиада чемпионы Кларесса Шилдске Вэл Баркер кубогы табыс етілді.
Халықаралық әуесқой бокс федерациясының ресми сайтынан алынған мәліметке қарағанда, олимпиада тарихында Вэл Баркер кубогы алғаш рет әйел боксшыға беріліп отыр. Ең үздік техникасы үшін осындай биік марапатты иеленген 21 жасар К.Шилдс бұдан төрт жыл бұрын Лондонда бірінші рет үздік шыққан еді. Онда бокстан қазақстандық қыздар арасында тұңғыш рет олимпиада жүлдегері атанған Марина Вольнованың жолын жартылай финалда дәл осы К.Шилдс кескен еді. Риода дәл осы жағдай қайталанып, Дариға Шәкімова 75 кг салмақта Кларесса Шилдске жол берді.
Ерлер арасында Вэл Баркер кубогы өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа берілді. Ол алтын жүлдеге барар жолда қазақстандық Біржан Жақыповты да жеңген болатын.
Айта кетейік, Вэл Баркер кубогы үздік боксшыға 1936 жылдан бері тапсырылып келеді. Бұған дейін Қазақстаннан Василий Жиров (1996), Бақтияр Артаев (2004) және Серік Сәпиев (2012) Вэл Баркер кубогын иеленген болатын. Бұл жөнінен Қазақстан АҚШ боксшыларынан кейін (оларда 5 кубок бар) екінші орында тұр.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




