Иван Дычко: Жеңілуіме өзім кінәлімін
Қазақстандық боксшы Иван Дычко Олимпиаданың жартылай финалында британдық Джо Джойспен жекпе-жектегі жеңілісі жайлы айтып берді.
«Осылай жасағанда, былай болмағанда деп ештеңе айтқым келмейді, қолымнан келгенін жасадым, - деді«Хабарға» берген сұхбатында Дычко. - Соңғы раундта шаршап қалдым, бар күшімді салдым. Бұйырғаны сол. Физикалық тұрғыдан ұтылдым, Джойс раундтан раундқа тынысы кеңейетін мықты боксшы. Жеңілдім, бұған ешкім де кінәлі емес. Бұл медальға қуанып та тұрғаным жоқ, өкпем де жоқ. Төрт жыл бұрын «қола» алғаным көңілімді түсірген еді. Осы жолы барға қанағат тұтуды жөн санадым».
Иван Дычко Олимпиадада өзінің екінші қола медалін иеленіп, Қазақстан қоржынына 16-шы награданы салды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




