Денсаулық
Рио-2016: Дариға Шәкімова жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2016
- 453
Рио-2016: Дариға Шәкімова жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 75 келі салмақта жұдырықтасып, қола жүлде жеңіп алған боксшы аруымыз жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен финалға жету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Әр түрлі айла-тәсілдерге де бардым. Өкінішке қарай, финалға жете алмадым. Не болса да, жарыс бітті. Ең бастысы Риодан құр кетпей елімізге қола жүлде сыйладым. Осыған да Аллаға шүкір деймін(, - деді боксшы аруымыз.
Ол сонымен бірге қарсыласы туралы да айтып өтті.
«Қарсыласым өте мықты боксшы екенін жұрттың бәрі біледі. Бірақ, мен де жарысқа дейін одан қорқу сезімі болған жоқ. Жеңіс үшін бәрін жасауым керек деп қана ойладым. Алайда, ойлаған ойым жүзеге аспады», - деп атап өтті жарыстан кейін Дариға Шәкімова.
Естеріңізге сала сала кетейік, Дариға Шәкімова Петропавл қаласында дүниеге келген. Ол Азия чемпионы (2010); Қазақстан чемпионы (2013); Қазақстан чемпионы (2014); Азия чемпионы (2015); Қазақстан чемпионы (2016); Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шәкімова Олимпиада ойындарына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынған турнирде жеңіп алды. Олимпиада ойындарына биыл тұңғыш рет қатысып қола жүлдегер атанды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




