Денсаулық
Рио-2016: Дариға Шәкімова бокстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2016
- 486
Рио-2016: Дариға Шәкімова бокстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін жартылай финалда 75 келі салмақта жұдырықтасқан боксшы аруымыз Дариға Шәкімова америкалық Кларесса Шилдстан ұтылып, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Шәкімова әйгілі қарсыласымен тең дәрежеде өнер көрсетті. Аса тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысында төрешілер шешімімен америкалық боксшы қыз жеңімпаз деп танылды. Нәтижесінде қазақтың қаракөз қызы қола медальға қол жеткізді.
Осылайша Дариға қазақ қыздары арасынан тұңғыш бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Шәкімова ең алғашқы жекпе-жегінде канадалық қарсыласы А. Фортинмені 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Одан кейін ¼ финалда ол қарсыласы ресейлік Ярослава Якушинаны 3.0 есебімен жеңген болатын.
Еске сала кетейік, Дариға Шәкімова Петропавл қаласында дүниеге келген.Жетістіктері: Азия чемпионы (2010); Қазақстан чемпионы (2013); Қазақстан чемпионы (2014); Азия чемпионы (2015); Қазақстан чемпионы (2016); Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Шәкімова Олимпиада ойындарына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынған турнирде жеңіп алды. Олимпиада ойындарына биыл тұңғыш рет қатысты.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




