КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ
Елбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы жалғасуда. Аталмыш акция аясында өңірімізде де тұрмысы төмен отбасы балаларына мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-жабдықтар алып беріліп, олардың өз қатарларынан қалмай сабаққа баруын қамтамасыз етуге көмек көрсетіліп жатыр.
Осы орайда облыстық «Білім шырағы» газетінің ұжымы да жаңа оқу жылы қарсаңында қайырымдылық шараға өз үлестерін қосып, екі отбасының балаларына демеушілік жасады. Ұжым мүшелері Тараз қаласындағы №20 орта мектептің 3-сынып оқушысы Маша Киришенко және №35 орта мектептің 7-сынып оқушылары Саяна мен Бекарыс Айдарбековтің отбасына арнайы барып, оқуға қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын табыстады. Балаларды қуанышқа бөлеген ұжымға ата-аналар да дән риза. Халқымыз «Кең болсаң, кем болмайсың» деп адамзатты бір-біріне жақсылық жасауға үндеп отырған. Сондықтан әлеуметтік жағдайы төмен жеткіншектердің жағдайын жасауға мүмкіндігі бар кез-келген азаматтың жомарттық жасап, балалардың білім алуға деген ұмтылысын біршама арттыруда бұл акцияның маңызы зор.
Ғалиябану Үсенова, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




