Анасының қызына өсиеті
Тұрмысқа шығып бара жатқан қызына анасы өсиет айтыпты. «Осы өсиетті берік ұстансаң, күйеуіңмен араларың суымайтын болады» деген екен... «Қызым, саған қырық жылдық отбасылық өмірімдегі тәжірибеме сүйене отырып, осы насихаттарымды айтпақшымын. Егер айтқан сөздеріме құлақ салып, үнемі жадыңда сақтасаң бақытқа қол жеткізесің.
1 – Қанағатшыл бол! Яғни, жолдасың үйге алып келген азық-түлік, киім-кешек, барлық нәрсені шын көңілмен қабыл ал! Оған рахмет айтып, алғысыңды білдір! Өйткені, қанағат – көңілді тыныштыққа, бақытқа қауыштырады.
2 – Жұбайыңның сөздерін мұқият тыңда және оның күнә болмаған әмірлеріне мойынсұн!
3 – Үйің және айналаң әрдайым таза, реттеулі және жинақы болсын!
4 – Күйеуіңнің ұйықтайтын және тамақтанатын уақыттарына назар салуың керек. Төсегі мен тамағын уақытында дайындауың керек. Ұйқысыздық пен аштық адамды ашуландырады.
5 – Күйеуіңнің мал-мүлкін және ақшасын қорға! Оның рұқсатынсыз және хабарынсыз жұмсама! Істеген істеріңді, жақсылықтарыңды міндетсінбе! Жақсылыққа жасалған жақсылық тез ұмытылады, ал жамандыққа жасалған жақсылық еш ұмытылмайды.
6 – Күйеуіңнің туыстарымен жақсы қарым-қатынаста бол! Күйеуіңнің қателіктерін жалғыз кезінде өзіне жұмсақ тілмен айт!
7 – Күйеуіңнің сырларын ешкімге айтпа! Ерлі-зайыптылардың арасындағы сырлары өздерімен бірге қабірге кетуі керек.
8 – Күйеуіңнің қайғысы мен қуанышына ортақ бол! Оған барлық жағынан да жақсы өмірлік жар бол! Өтірік – отбасын іштен шірітетін құрт секілді.
9 – Араларыңдағы мәселені өздерің шешіңдер! Оларды бізге және өзгелерге айтудан сақтан! Ешкімнің қолдауынан үміттенбе!
10 – Күйеуіңнен ол алуға қиналатын немесе шамасы жетпейтін нәрсені алып беруін талап етпе!
11 – Әйелінің жақсы мінезді болуы – еріне жаннат нығметі. Сен жолдасыңа жаннат нығметі бол! Оған азап шектірме!
Бұларды тек оның қалауларын және оның ризалығын алдыңғы қатарға қойғанда ғана орындай аласың. Үнемі алдыңғы қатарға өзіңді қойсаң, бұл насихаттың ешбірін орындай алмайсың.»
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




