Жамбылда...
Тараз Жылу жүйелері жаңғыртылуда
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарына Ұлттық қор есебінен 3,6 миллиард теңге қаржы бөлінген еді. Осыған орай «Таразтрансэнерго» кәсіпорны жылу желілерін қайта жаңғыртуда. Қала көшелерінің бойында ұзақтығы 6,7 шақырым құбырлар ауыстырылуда. Қордай Жаңа ықшам аудандардың инфрақұрылымдары жүргізіледі
Жер телімін алу кезегіне тіркелгендердің саны аудан орталығы бойынша 6422 адамға жетті. Биыл «Шығыс-2» және «Солтүстік» жаңа тұрғын үйлер алқаптарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 6,7 миллион теңге қарастырылып, оның 5,2 миллион теңгесі игерілді. Құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Мойынқұм Жобаның құны – 500 миллион теңге
«Агро фирма Түрікпен» ЖШС 5 мың бас ірі қара малына арналған репродуктор жобасының құрылысын жүзеге асыруда. Жобаның құны – 500 миллион теңге. Осы жобаны іске асыру мақсатында 3 мың бас мүйізді ірі қара және 1560 бас жылқы сатып алынды.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




