Балаларды қуантқан базарлық
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізді. Аталған шараға қатысып, балаларға мектепке қажетті киім-кешегі мен құрал-жабдықтарын алып беруге ниет білдірген азаматтардың қатары да жыл санап артып келеді. Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына қоғам болып қамқорлық көрсетілуде.
Қашанда игі бастама мен тың жаңалықтың басы-қасында жүретін «Нұр Отан» партиясы аталған акциядан тыс қалмады. Партия облыстық филиалы аппаратының қызметкерлері Тараз қаласында тұратын бес мектеп оқушысына қайырымдылық көмек көрсетті.
– Мұндай игі істен «нұротандықтар» шет қала алмадық. Бұл акцияны жетімі мен жесірін желеп-жебеп жүретін халқымыздың қашаннан бар қасиетінің бір көрінісі дер едім. «Мектепке жол» акциясы оқушыларымызға материалдық көмек көрсетуге негізделсе, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» бағдарламасы да ел ертеңі – балаларымыздың болашағын қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан, ел келешегіне бейжай қарамайтын кез-келген азамат мұндай шараға үн қатуы керек деп білемін, – деді аталған жиында сөз сөйлеп, балаларға базарлықты үлестірген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат.
Келесі кезекте Тараз қаласы №41 мектеп-гимназиясының бес оқушысына киім-кешектер мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді. «Ағаларымыз бен әпкелеріміздің көмегіне көп алғысымды айтамын. Осы кісілердің үмітін ақтап, сабағымды жақсы оқуға бар күш-жігерімді саламын», – дейді енді екінші сыныпқа аяқ басатын Әділ Жәнібеков.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




