Қазақстандық хирургтер алғаш рет жүрек пен бүйректі ауыстырып салды
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2016
- 660
Қазақстандық оташылар отандық медицина тарихында алғаш рет жүрек пен бүйректі бір мезетте ауыстырып салу отасын жасады. Мұндай әмбебап ота бұған дейін тек АҚШ, Оңтүстік Корея және Италияда ғана жасалатын. Енді міне, қазақстандық хирургтер де бірегей ота жасай бастады, деп хабарлайды BNews.kz.
Жүрек пен бүйректі бір мезетте ауыстырып салу – созылмалы жүрек жеткіліксіздігі мен бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарды тиімді емдеудің мүмкін бағыттарының бірі. Бір мезетте адамның бірнеше мүшесін ауыстырып салу отасы әлемнің санаулы елдерінде ғана жасалады.
Қазір отаны бастан өткерген 37 жастағы науқас – Амангелді Напилов отбасына оралды, науқастың күйі жақсы, қалыпты өмірге көндігіп келеді.
Сауатты ота, дәрігерлердің алтын қолдары мен ертеңгі күнге деген сенімнің таңғажайып нәтижелерге жетелейтіні айқын. Амангелдіге екінші өмір сыйлаған да сол таңғажайып екендігі сөзсіз.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




