Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитіне қатысады
Нұрсұлтан Назарбаев 1 — 5 қыркүйек аралығында ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G-20 Саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына сапармен барады. Сапар барысында Мемлекет басшы ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, онда Астана мен Пекин ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланады. Бұл туралыАқорда жазды.
Одан бөлек, 22-23 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Президент Анджей Дуданың шақыруымен Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысуы көзделген. 23-24 тамызда Қазақстан Президенті ресми сапармен Сербия Республикасына барып, онда Президент Томислав Николичпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербияның екіжақты қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылайтын болады.Ақпарат көзі: 7KUN.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




