Елімізде алғаш рет неміс технологиясымен асфальт жабындысы төселді

Елімізде алғаш рет неміс технологиясымен асфальт жабындысы төселді
ашық дереккөз
Елімізде алғаш рет неміс технологиясымен асфальт жабындысы төселді

Алматыда ТМД аумағында алғаш рет неміс технологиясымен асфальт жабындысы төселді. Шағыл тас пен мастикалы асфальттан жасалған материал, біріншіден, су өткізбейді. Сондықтан жолдың сапасы бұзылмайды. Екіншіден, құйылмалы тасжолға қарағанда тайғанақ емес. Көлік дөңгелегі белгілі бір деңгейде жолмен жанаса қозғалады. Соның нәтижесінде жолдағы шу да азаяды. «Бұл көлігі көп ірі мегаполис үшін өте қолайлы», - дейді мамандар. Жаңа асфальт жабындысын сынақтан өткізу мақсатында 2014 жылы қаладағы бірнеше көшеге төселген. Ауа райы құбылмалы, ылғал көп түсетін шаһар көшелерінде жаңа жолдар жақсы сақталып, төзімділігін дәлелдеді. Германияда 2010 жылдан бері қолданылып келе жатқан жаңа асфальт жабындысының құны қолданыстағы материалдармен бірдей. Алдағы уақытта қаланың барлық жолдарына осы технологиямен жасалған асфальттар төселіп, қайта жөндеу жүргізіледі. Айта кету керек, бұрынғы құйылмалы асфальт-бетонның пайдалану уақыты 15 жыл болса, неміс технологиясымен жасалған жолдар 30 жылға дейін шыдас береді. Ғани Мырзаханов, қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: - Соңғы 4-5 жылдың ішінде Алматы қаласында біраз жаңа технологиялар, жаңа материалдар әкелініп, тәжірибеден өткізіліп, тексеріліп жатыр. Біраз жақсы нәтижелер бар. Алматы қаласында үлкен магистральды жолдарды осы материалдың қолданылуымен жасалды. Әрине, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  Ақпарат көзі: www.24.kz 

Ұқсас жаңалықтар