Биыл 17 мыңға жуық қазақстандық Ресейге қоныс аударды
Ресейдегі демографиялық жағдай 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында едәуір жақсарған. Тұрақты халық саны 109,7 мың адамға дейін көбейіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,08%-ға артқан.
Бұл туралы «Известия» газеті жазған. «Халықтың өсіміне мигранттар себепші. 4,4 есеге артқан миграциялық өсімнің арқасында халық саны тұрақты болып отыр. Бұл бұзылуы қиын, қалыптасқан трендке айналды», – делінген Росстат мәлімдемесінде.
Ресейге қоныс аударған адамдардың басым бөлігі ТМД елдерінен келген. Олардың ішінде 69 мың украиндық, 17,2 мың қазақстандық және 12,2 мың Тәжікстан елінің азаматтары екен.
Алғашқы жартыжылдықта ТМД елдерінің түгелі дерлігінде халықтың өсімі байқалған. Ал адам санының азаюы Белоруссия (53,6%), Армения (48,4%), Молдавия (7,3%) және Украина (на 3,4%) елдерінде тіркелді.
Алайда осы мерзім аралығында Ресейдің өз тұрғындарынан адам шығыны 32,2 мың адамды құрап отыр.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




