Денсаулық
Рио-2016: Қазақстанның бокс құрамасы жалпы есепте бірінші орында келеді
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2016
- 577
Рио-2016: Қазақстанның бокс құрамасы жалпы есепте бірінші орында келеді
Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Қазақстанның бокс құрамасы жалпы есепте бірінші орында келе жатыр.
Қазақ боксшылары Рио Олимпиадасында 1 алтын, 2 күміс медальмен Куба мен Өзбекстанды артқа тастап, жалпы есепте көш бастауда.
Екінші орында келе жатқан өзбек боксшыларында 1 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль бар. Ал дүниежүзінің бокс державаларының бірі саналатын Куба құрамасы 1 алтын, 3 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп отыр. Көрші Ресей елі 1 алтын, 2 қоламен төртінші орынды місе тұтты.
Айта кетейік, біздің құрамада Данияр Елеусінов 69 келіде алтын алса, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов пен 91 келіде өнер көрсететін Василий Левит күміс еншіледі.
Тағы екі боксшымыз жартылай финалға өтті, олар аса ауыр салмақтағы Иван Дычко мен 75 келіге дейінгі салмақтағы Дариға Шәкімова.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




