Денсаулық
Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2016
- 236
Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ
Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ. Қай мектепке баратынын шешіп қойған ата-анасы балалардың оқуын қадағалау, апарып-алып келу жағынан қиналуымыз мүмкін дейді.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Бір-бірінен аумайтын Гүлайша, Бегайша, Нұрайша және Жанайшаның оқу құралдарын реттеп, алғашқы оқу жылына дайындалуы ерекше. Тіпті “Абай” порталы арнайы табыстаған сөмкелерін арқаларынан тастамайды. Дәптерге аты-жөндерін жүгірте жазған төртемнің оқуға деген ынта-жігері бөлек көрінді. Отбасындағы алты қыздың әкесі болса, балаларды сабаққа апарып-келу жайын қазірден ойластырып жүр екен.
– “Көріп отырсыздар, мектепке дайындап жатырмыз. Сабақ басталсын. Апасы келіп көмектесемін деп отыр. Ол кісі жасы үлкен кісі, – дейді төртемнің әкесі Есентай Қапар.
4 Айшаны әкесі болашақ мектептеріне алып барды. Оқу ордасының ауласы мен сынып бөлмесінің аурасымен танысқан төртем таңдаған орындарына жайғаса кетті. Мектеп әкімшілігі де төртемді қуана қабылдап отыр.
– “Енді төртем, егіздерде ойлау қабілеттері, еске сақтау қабілеттері жақсы болып келеді. Сондықтан биылғы келіп отырған төртемнен үлкен үміт күтеміз”, – дейді №137 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Делегеева.
Қыздарының болашағынан әке-шешесі де үмітті. Бір баланы бағып-қағудың қиындығын төрт есе артық орындаған отбасы бүлдіршіндердің көрсетер қызығы мен қуанышы да еселене түссе екен деп тілейді.
Ақпарат көзі: : Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
70 жасың құтты болсын, жан анам
- 31 қазан, 2024
Облыста тұңғыш рет күрделі ота жасалды
- 31 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді