Денсаулық
Левиттің жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар Олимпиададан шеттетілді
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2016
- 682
Левиттің жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар Олимпиададан шеттетілді
Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Риодағы Олимпиада ойындарынан шеттетілген төрешілердің есімін жариялады, - деп хабарлайды "Чемпионат".
Шеттетілген төрешілердің қатарында қазақстандық Рақымжан Рысбаев та бар. Сондай-ақ, Мик Бэйси (Ұлыбритания), Хейра Сиди Якуб (Алжир), Майкл Галлахер (Ирландия), Мариуш Горний (Польша), Херардо Погги (Аргентина) мен Владислав Малышев (Ресей) Олимпиададан шеттетілді.
Айта кетейік, шеттетілген үш судья Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегінде болған еді. Онда Погги рингте төреші болса, Якуб пен Галлахер судья ретінде қызмет етті. Жеңісті Тищенкоға беру туралы шешімді жакүйерлер мен мамандар сынға алған болатын.
Сонымен қатар, Якуб тағы да бір даулы Владимир Никитин мен Майкл Конланның жекпе-жегінде төреші болды. Онда да жеңісті ресейлік азаматқа берді. Сол кезде ирландиялық боксшы төрешіге ортаңғы саусағын көрсетіп, AIBA ұйымын қаншалықты сыбайласқан парақорлар екенін айтты. "Олар - жолы болмаған жексұрындар. Әуесқой бокстың саудасы біткен. Мен енді AIBA атынан еш уақытта шықпаймын. Мен мұнда алтын алу үшін келдім, бірақ менің арманымның күл-талқанын шығарды. Мен жолы болмаған адам емеспін, мен жеңімпазбын. Бүгінгі жекпе-жек осы ұйымның қаншалықты сыбайласқан парақорлар екенін көрсетті", - деген еді Конлан.
Айта кетейік, жекпе-жектің нәтижелері қайта қаралмайтын болды. Олимпиада ойындарында ешкімнің апелляцияға беруге құқығы жоқ екен.
Ақпарат көіз:Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




