Денсаулық
РИО-2016: Гюзель Манюрова Қазақстан қоржынына бесінші күміс жүлдені сыйлады
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2016
- 454
РИО-2016: Гюзель Манюрова Қазақстан қоржынына бесінші күміс жүлдені сыйлады
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін әйелдер күресінен 75 келі салмақтағы қазақстандық балуан Гюзель Манюрова финалда канадық балуан Эрик Уибеден ұтылып, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Ол осыған дейін, жартылай финалда Ресейдің 2010- 2011 жылдардағы бірнеше мәрте чемпионы Екатерина Буркинаға қарсы күресте нағыз спорттық сенсация жасаған еді.
Ұпай жағынан ұтыла тұрса да, Г.Манюра жекпе-жекті өз пайдасына таза жеңіспен аяқтаған. Айқастың соңына дейін 8 секунд қалғанда қазақстандық балуан ресейлік қарсыласын шалқасынан сұлатып салды.
Бұдан бұрын Олимпиаданың алғашқы белдесуінде ол Еуропа чемпионы, венгрлік Жанетт Неметті 12.2 есебімен ұтып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.
Ал осыдан шамалы уақыт бұрын 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова қола жүлде үшін тартыста АҚШ спортшысы Елена Пирожкованы жеңіп, Қазақстан қоржынына жетінші қола медальді салған еді. Ал кеше алтыншы қола медальды тағы бір балуан қызымыз Элмира Сыздықова жеңіп алған болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




