Денсаулық
РИО-2016: Екатерина Ларионова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2016
- 453
РИО-2016: Екатерина Ларионова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін әйелдер күресінен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Екатерина Ларионова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Ол жұбаныш белдесуінің алғашқы белдесуінде швециялық балуан Хенна Йонхенсонды 5:0 есебімен ұтқан болатын. Екінші белдесуінде АҚШ балуанын таза ұтып, Рио Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды. Осылайша Қазақстан қоржынына жетінші қола медальды салып берді.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық балуан Гюзель Манюрова финалға шықты. Жерлесіміз алтын медаль үшін канадалық балуанмен кездеседі. Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




