Денсаулық
Риода Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Елбасының құттықтау хаты тапсырылды
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2016
- 673
Риода Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Елбасының құттықтау хаты тапсырылды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Қазақстан үйінде баспасөз мәслихаты өтіп, осы орайда Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Елбасының құттықтау хатын тапсырды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Онда Данияр мен Эльмира тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, өз әсерлерімен бөлісті.
Осы орайда Данияр Елеусінов: «Менің жеңісім - қазақтың жеңісі. Барлық жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Олимпиаданың ақырына дейін болып барлық спортшыларымызға қолдау көрсетемін», - деп атап өтті.
Эльмира Сыздықова: «Осы қола жүлдеге жету оңай болған жоқ. Бұданда жоғары көрсеткішке қол жеткізуім керек еді. Бұйырғаны осы болды. Жалпы елімізге жүлде сыйладым. Сол үшін бақыттымын. Қуаныштымын. Сіздерге де көп рахмет! Осындай спортпен айналысуға үлкен мүмкіндіктер жасап беріп жатқан елімізге рахмет», - деді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




