Денсаулық
Әділбек Ниязымбетов Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері атанды
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2016
- 702
Әділбек Ниязымбетов Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері атанды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов финалда кубалық боксшы Хулио Сесар ла Крусқа жол беріп, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Осылайша қазақ боксшысы екі дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бұл Олимпиада тарихындағы қатарынан екі рет финалға шыққан екінші боксшымыз. Осыған дейін Болат Жұмаділов екі бірдей Олимпиаданың финалына шығып, екі мәрте күміс жүлдегер атанған болатын.
Міне, бүгін Әділбек сол ағасының ерлігін қайталады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанса, кеше Данияр Елеусінов 69 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.Енді боксшыларымыздан бір ғана боксшы жарыс жолында қалды. Ол - аса ауыр салмақтағы Иван Дычко. Бұйырса, Олимпиада ойындарының соңғы күні ол да қоржынымызға медаль сыйлайды деген үміттеміз.


Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




