Денсаулық
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделіктер енгізілмек
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2016
- 665
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделіктер енгізілмек
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кеңесте Астана қаласының қоғамдық ата-аналар кеңесінің басшысы Анар Түлебаева министрге өз ұсынысын айтты.
"Сіз белсенді интернет қолданушысысыз. Алайда білім беретін мекемелердің көбі әлеуметтік желіде ашық емес. Осы орайда ата-аналармен белсенді түрде байланыс орнату үшін бірыңғай интернет-ресурсын ашуыңызды ұсынамыз. Себебі ата-аналардың көбісінде мектептер мен балабақшаларда берілетін кеңестерді алуға уақыты болмай жатады. Ал қашықтықтан байланыс орнату тиімді болар еді", - деді Түлебаева.
"Қазақстанда осы күнге дейін 1000 мектепте электронды күнделік енгізілген. Біз келесі жылдың соңына дейін елдегі барлық 7,5 мың мектепті электронды күнделікпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, - деді министр.
Осыған дейін Қазақстанның қағаз күнделіктерден бас тартатыны хабарланған еді. Бұл жобаның құны 30 миллиард теңгені құрайды. Алайда мемлекет бұған ақша бөлмейді, себебі мұны инвесторлар қаржыландырады.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




