Денсаулық
Елбасы Данияр Елеусіновті Рио Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2016
- 611
Елбасы Данияр Елеусіновті Рио Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев Д.Елеусіновті бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады. «Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




