Денсаулық
Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам - Дариға Назарбаева
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2016
- 450
Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам - Дариға Назарбаева
Үкімет Үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен мемлекеттік ақпараттық саясат және ұлттық және аймақтық брендтерді қалыптастыру бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі pm.kz сайтына сілтеме жасап.
Отырыс барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ақпараттық саясат стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстағы өзара іс-әрекеті жүйесіндегі ағымдағы жағдай туралы мәлімдеді.
Бұдан өзге, Дәурен Абаев министрліктің Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жұмысының ережелері жасалғанын баяндады, оның аясында уәкілетті лауазымды тұлғалар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жеке жауапты болады.
ҚР премьер-министрінің орынбасары орталық мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және облыс әкімдіктеріне Ақпараттық жұмыс ережелерін зерттеп, өз ұсыныстарын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жіберуді тапсырды.
"Әр мемлекеттік орган мемлекеттің ақпараттық-идеологиялық жұмысында заманауи әдіс-тәсілдерді және ақпарат берудің жаңа форматтарын қолдануы тиіс. Біз қазір басқа қоғамда өмір сүреміз - ештеңені жасыру мүмкін емес. Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам назар аударады. Бүгінде біз осындай бәсекелі күресте ұтылып келеміз. Сондықтан барлығы әлеуметтік желілер мен Интернетте жұмыс жасауды үйренуі тиіс", - деді Назарбаева.
Отырыс қорытындысында Назарбаева ведомствоаралық, оның ішінде аймақтардың орталық мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекеті қажет екенін баса айтты.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




