МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ЖЕТКІЛІКТІ

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ЖЕТКІЛІКТІ
ашық дереккөз
МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ЖЕТКІЛІКТІ
Өңірлік коммуникация қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен дәстүрлі брифингте облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрбай Тілегенов облыс аумағын мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету туралы хабарлама жасады. Энергетика министрлігінің ай сайынғы жанар-жағармайды үлестіру бойынша облысқа «АИ-80» маркалы – 2200 тонна, «АИ-92» маркалы – 4500 тонна бензин және 4000 тонна дизель отыны бөлінгенін атап көрсетті хабарламашы. Ол сондай-ақ, Үкімет тарапынан бөлінетін егін жинау және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған 14000 тонна дизель отыны 10 аудан бойынша 6 аккредиттелген операторларға бөлінгенін де еске салды. Үкімет бекіткен арзандатылған дизельдік отынның бір литрінің бағасы – 88 теңгені, бір тоннасы 95,421 теңгені құрайды. Шілде айына облысқа 4000 тонна дизельдік отын бөлінген. Осы бөлінген мұнай өнімінің 3871,4 тоннасы немесе 96,8 пайызы игеріліпті. Тамыз айына 5000 тонна дизель отынын жеткізу жоспарланып, қазіргі таңда оның 2935 тоннасы алынған. Бұл – 76 пайыз. Облысқа жеткізілген мұнай өнімі аудандардағы агроқұрылымдарға үлестіріліп жатыр. Қазір облыс бойынша 2110 тонна «АИ-80», 5330 тонна «АИ-92» маркалы бензин қоры мен 4140 тонна дизель отыны бар. Облыста 271 жанар-жағармай бекеттері жұмыс істейтініне де назар аударған басқарма басшысының орынбасары «АИ-80» маркалы бензин Үкімет бекіткен шектеулі бағамен босатылып жатқанын айтты. «Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Энергетика министрлігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №361 бұйрығына сәйкес, дизельдік отынның бағасы Қазақстан Республикасы реттейтін мұнай өнімдері қатарынан шығарылғанынан да хабардар етті. Дизельдік отын мен «АИ-92» маркалы бензин нарық бағасымен босатылып жатыр дейді. Жанармай бекеттерінде орташа бағасы – «АИ-80» – 89 теңге, дизель отыны – 106 -108 теңге, ал «АИ-92» 124-126 теңгеден босатылуда. Н.Тілегенов «Синойл», «ГазПромНефть», «Қаз МұнайГаз» және «Гелиос» сынды республикалық ұлттық компаниялардың жанар-жағармай бекеттерінде дизельдік отын 115-126 теңгеден, «АИ-92» маркалы бинзин 125-126 теңгеден босатылып жатқанын еске салды. Жанар-жағармай бекеттеріндегі бензин мен дизель отынының бағасына мониторинг жүргізіліп тұратынын, облыста мұнай өнімдерінің барлық түрі жеткілікті екенін жеткізді. Журналистер сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар