Жамбылда...
Меркі Тауарлы сүт фермалары көбейеді
Сүт кластерін дамытудың жаңазеландиялық «Fonterra» және даниялық «Arla» бағдарламалары бойынша 42 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Енді өндірістік кооператив төңірегінде 70-тен 200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар тауарлы сүт фермалары құрылатын болады. Қордай Мұражай үйі жаңартылуда
Аудандық өлкетану мұражайының тозығы жеткен ғимараты ағымдық жөндеуден өткізіліп жатыр. Бұл үшін бюджеттен 8 миллион теңгеден аса қаржы бөлінген. Жұмыстарды 5 миллион 919 мың теңгеге игеру құқын жеңіп алған Байзақ аудандық «ВВR Croup» ЖШС ғимараттың есік-терезелерін ауыстырып, ішкі-сыртқы сылағын жаңартып, әрлеу жұмыстарымен алдағы бір айдың ішінде пайдалануға бермекші. Шу Комбайндар құрастырылуда
Шу локомотив жөндеу зауыты беларусьтық «Лида-1300» астық ору комбайндарын құрастыру үстінде. Қазір комбайндарды құрастыруға арналған кондырғылардың 4 бірлігі жеткізіліп, 1 комбайн дайын, ал 3 данасы құрастырылу үстінде.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




