Денсаулық
Қазақстанның ауыр атлеттерін бір жылға жарыстардан шеттететін болды - IWF шешімі
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2016
- 482
Қазақстанның ауыр атлеттерін бір жылға жарыстардан шеттететін болды - IWF шешімі
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян AFP агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның дисквалификацияға ұшырайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kzтілшісі kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Рио Ойындарынан кейін бұл елдердің ұйымға мүшелік етуін тоқтатамыз. Бұған кепіл бола аламын. Бұл елдер - Ресей, Қазақстан және Беларусь", - деді Аян.Оның айтуынша, ендігіде соңғы екі Олимпиадада үш спортшысынан допинг табылған жағдайда бір жылға дисквалификацияға ұшырайтын болыпты. Бастапқыда IWF Қазақстан мен Беларусті Рио Ойындарына жібергісі келмеген, бірақ ХОК өткен Олимпиадалардағы барлық алдыңғы допинг-сынамаларды тексеріп үлгермегендіктен тыйым сала алмаған еді.
"Қайта жасалып жатқан сараптамалар аяқталған жоқ. Қосымша мәлімет күтіп отырмыз, мүшелігі тоқтатылатын тағы бірнеше ел болады деп ойлап отырмын. Біз ауыр атлетиканы спорттың таза түріне айналдырғымыз келеді және оның бір ғана жолы бар - біздің ережелерді бұзатын елдерге тыйым саламыз. Қай елдің мүшелігі тоқтатылатынын қыркүйек айының соңында жария етеміз деп ойлаймын.", - деді Аян.Ауыр атлетика федерациясының басшысы Токиодағы Олимпиадада бұл спорт түрінің абыройы басқа болады деп есептейді.
"Біз толықтай допингтен құтыламыз деп айта алмаймын. Бірақ мен сенемін, 2020 жылға дейін жағдай өзгереді", - деп мәлімдеді Аян.Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




