Денсаулық
Е.Ыдырысов ҚР Президентінің алдағы халықаралық сапарларының кестесін жария етті
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2016
- 514
Е.Ыдырысов ҚР Президентінің алдағы халықаралық сапарларының кестесін жария етті
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелге баратын сапарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің Президенттің халықаралық бағдарламасындағы жұмысы өте тығыз. Осы ретте Польшаға, Сербияға сапарлар жоспарланған, сонымен қатар біз қыркүйекте Қытайдағы G20 Саммитіне шақырылдық. Бұдан бөлек, Елбасы күзде Жапонияға, Кореяға сапарлайды, сондай-ақ Әзербайжан мен Арменияға, Сауд Арабиясы Корольдігіне және Иорданияға барады. Мұнымен қоса, басқа да шаралар өткізіледі. Қыркүйектің орта кезінде біз ТМД-ның 25 жылдығын атап өтпекпіз», - деді министр еліміздегі шетел дипломатиялық корпусы өкілдеріне арналған брфингте.Е. Ыдырысовтың айтуынша, 2017-2018 жылдары Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігінде өзіне жауапкершілікті алуға байыппен дайындалуда. Осы орайда мүшелік бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр.
«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның сайлануына өте қуаныштымыз. Бұл тұрғыда сіздердің қолдауларыңызға, ынтымақтастық жұмыстарыңызға үлкен алғысымызды айтамыз», - деді министр еліміздегі шетел дипломатиялық корпусы өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




