Денсаулық
Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2016
- 454
Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын
Бүгін Рио Олимпиадасында өнер көрсеткен 56 келідегі ирландиялық боксшы Майкл Конлон ширек финалда төрешілердің шешімен ресейлік Владимир Никитиннен ұтылып қалды. Бірақ бұл шешімге 2015 жылғы әлем чемпионы келіскен жоқ. Кездесуден кейін төрешілердің сатылып кеткенін айтып сұхбат берді. Өзінің твиттердегі парақшасында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге: «АИБА-ға қанша ақша төледің?, деп сауал тастады.
«Мені енді Олимпиада ойындарынан көрмейсіздер. Жалпы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) өткізетін турнирлерге қатыспауға кеңес беремін. Олар жемқорлар. Нағыз жемқорлар. Барлығы сатылып кеткен. Әуесқой бокс басынан бақайшағына дейін жемқорлыққа малынып кеткен. Ол жерде нағыз ұрылар отыр. Қандай жағдай болмасын мен өзімді жеңілдім деп санамаймын. Жеңімпаз ретінде қала беремін. Тек бүгін мен бұл ұйымның қаншалықты сатылып кеткенін барша әлемге көрсеттім», - дейді Конлан.Конлон Лондон Олимпиадасында 52 келіде қола жүлдегер атанған. Ал былтыр Дохадағы әлем чемпионатында 56 келіде әлем чемпионы атанған боксшы.
«Бүгін Ресей құрамасынан Владимир Никитин мен Виталий Дунайцев жекпе-жектерін өткізді. Володя өткен кездесуде басы жарылған. Соған қарамастан ол нағыз жауынгер жігіт. Ел үшін, медаль үшін рингте өлуге дайын жігіт. Бізде бір алтын бар. Ол кездесуде екі раундта ұтып, үшіншісінде жеңілдік. Менде субъективті пікір қалыптасқан. Әр спортшым үшін жанкүйермін», - дейді Лебзяк.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




