Денсаулық
Рио-2016: АҚШ қоржынында 28 алтын, 28 күміс, 28 қола бар
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2016
- 515
Рио-2016: АҚШ қоржынында 28 алтын, 28 күміс, 28 қола бар
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында АҚШ бүгін медальдар санын 28 алтын, 28 күміс, 28 қолаға жеткізді, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Олимпиада ойындарының он бірінші күні артта қалды. Нәтижесінде АҚШ жүлделер санын 28 алтын, 28 күміс, 28 қолаға жалпы 84 медальға жеткізді.
Ал Ұлыбритания спортшылары Риода жалпы есепте екінші орында тұр. Олардың еншісінде 19 алтын, 19 күміс, 12 қола медаль бар. Ал үздік үштікте келе жатқан Қытай құрамасының қоржынында 17 алтын, 15 күміс, 19 қола медаль бар.
Кеше Рио олимпиадасының медаліне қол жеткізген елдер саны 72 болса, бүгін 76 мемлекетке артты. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 20-орында келе жатыр.
Жалпы қазірге дейін, 204 алтын, 204 күміс, 231 қола, жалпы 639 медаль ойнатылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге табыс етілді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




