РИО-2016: Иван Дычко жартылай финалға шықты
Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында +91 келі салмақтағы боксшымыз Иван Дычко ширек финалда нигериялық Эфе Аджагбаны ұтып, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде басты қарсыласы әзербайжандық Могамедрасул Меджидовті екінші раундта техникалық нокаундпен ұтып, ширек финалға шыққан болатын.
Қазақстан боксында аса ауыр салмақта боксшылар өте тапшы. Сол олқылықтың орнын сездірмей жүрген қостанайлық тарланымыз талай сындарлы сайыстарда ел намысын абыройлы қорғап келеді. Дычко осыдан төрт жыл бұрын Лондон олимпиадасында Қазақстан қоржынына қола медаль салған спортшылардың бірі. Енді Риода одан да жоғары жетістікке жетеді деген үміттеміз. ![src=]()
![src=]()
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




