Денсаулық
Жайна Шекербекова: Жарысты көп күткенім де жеңілуіме себеп болды
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2016
- 641
Жайна Шекербекова: Жарысты көп күткенім де жеңілуіме себеп болды
Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасындағы 51 келі салмақта өнер көрсеткен қызымыз жекпе-жектен кейін психологиялық тұрғыдан дайын болмағанын айтты, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
«Жеңуге барымды салдым. Бірақ, өкініштісі, ұтылып қалдым. Өзімді психологиялық тұрғыдан дайын болмағанымды сездім», - деді боксшы қызымыз.
Сондай-ақ, ол Олимпиадаға келгеннен кейін жекпе-жекті көп күткені де жеңілісіне әсер еткенін айтып өтті.
«Мен Риоға келген соң, жекпе-жегімді көп күттім. «Бұл да маған кері әсерін тигізді» деп ойлаймын. Негізі, қарсыласымды бұрыннан жақсы білемін. Жаттығуларда кездескенбіз. Бірақ, бүгін қанша жерден талпынсам да, жеңісті уысымнан шығарып алдым», - деді Жайна Шекербекова.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




