«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Олимпиаданың қалған бөлігінде кімдерден жүлде күтеміз?

Олимпиаданың қалған бөлігінде кімдерден жүлде күтеміз?
ашық дереккөз
Олимпиаданың қалған бөлігінде кімдерден жүлде күтеміз?
Олимпиадаң аяқталуына көп уақыт қалған жоқ. Тамыздың 21-і күні жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан бүгінге дейін 10 медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын. Жанкүйерлер енді кімдерден жүлде күтеміз деп дегбірсізденіп отырған болар. Біз осы сауалға жауап іздеп көрдік.
 Қазіргі кезде грек-рим, велоспорт, дзюдо, ауыр атлетика, суға жүзу, үлкен теннис, үстел теннисі, нысана көздеу, велотрек, слаломдағы есу, академиялық есу, садақ ату,батутпен секіру, үш қарғып секіру секілді спорт түрлерінен жарыстар аяқталды.
Болжам: Бізде қазір 10 медаль бар. Сондай-ақ бокстан Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетовте жүлдеге ілігіп тұр. Оның қандай медаль болатынын алдағы 1-2 күнде білетін боламыз. Сондай-ақ еркін күрес және әйелдер күресінің өкілдеріне сенім артамыз. Бокс Алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құрамда барған болатынбыз. Бірақ соның ішінде алтауы жүлдеге іліккен жоқ. Қайрат Ералиев пен Олжас Сәттібаевтың жеңілісіне төрешілерді кінәлап жатқандар бар. Дегенмен, қабылданған шешім өзгермейтіні белгілі. Ал 91 келідегі Василий Левит күміс жүлде еншіледі. Финалдағы кездесуі туралы ештеңе айтпай-ақ қояйық. Енді 17 тамыздан 18-не қараған түні 69 келідегі ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов финалда өзбек боксшысы Шахрам Гиясовпен кездеседі.  src= Бүгін Әділбек Ниязымбетов (81 келі) жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатсимен жұдырықтасады. Оны жеңсе финалда кубалық Ла Круз және француз Бодерлик жұбының жеңімпазымен жолығады. Әділбекте қазіргі кезде кемі қола жүлде бар. Сондай-ақ аса ауық салмақтағы Иван Дычко нигериялық Эфе Аджагбамен кездеседі. Бұл кездесу бүгін түнде Астана уақытымен 04:00-де басталады.Егер Дычко жеңіске жетсе, қоржынға кемі қола жүлде түседі. Еркін күрес Грек-рим күресінің балуандары Олимпиаданы сәтсіз аяқтады. Бірде-біреуі жүлдеге ілікпеді. Енді еркін күрес балуандарынан жүлде күтеміз. 57 келі: Бұл салмақта Нурислам Санаев өнер көрсетеді. Басты бәсекелестері: Джонг Хак-Джин (Солтүстік Корея), Хасан Рахими (Иран), Владимир Хинчегашвили (Грузия), Виктор Лебедев (Ресей), Бонне Родригес (Куба); Жарыс жолына 19 тамыз күні шығады. 74 келі: Бұл салмақта Ғалым Өсербаев өнер көрсетеді. Басты бәсекелестері: Джордан Барроуз (АҚШ), Аниуар Гедуев (Ресей), Унурбат Пуревджавын (Моңғолия) Жарыс жолына 19 тамыз күні шығады. 86 келі: Бұл салмақта Аслан Кахидзе өнер көрсетеді. Басты бәсекелестері: Абдулрашид Садулаев (Ресей), Селім Яшар (Түркия), Алирез Карими (Иран); Жарыс жолына 20 тамыз күні шығады.  src= 97 келі: Бұл салмақта Мамед Ибрагимов өнер көрсетеді. Басты бәсекелестері: Анзор Болтукаев (Ресей), Кайл Снайдер (АҚШ), Хетаг Газюмов (Грузия); Жарыс жолына 21 тамыз күні шығады. 125 келі: Бұл салмақта Дәулет Шабанбай өнер көрсетеді. Басты бәсекелестері: Таха Акгуль (Түркия), Біләл Махов (Ресей), Гено Петриашвили (Грузия); Жарыс жолына 21 тамыз күні шығады. Әйелдер күресі 48 келі: Бұл салмақта Жұлдыз Ешімова өнер көрсетеді. Басты бәсекелестері: Эри Тосака (Жапония), Мария Стадник (Әзірбайжан), Моррисон (Канада); Жарыс жолына 17 тамыз күні шығады. 63 келі: Бұл салмақта Екатерина Ларионова өнер көрсетеді. Басты бәсекелестері: Батсетсег Соронзонбольд (Моңғолия), Кабай (Жапония), Юлия Ткач (Украина); Жарыс жолына 18 тамыз күні шығады. 69 келі: Бұл салмақта Эльмира Сыздықова өнер көрсетеді. Басты бәсекелестері: Наталья Воробьева (Ресей), Фэн Чжоу (Қытай), Дошо (Қытай); Жарыс жолына 17 тамыз күні шығады.  src= 75 келі: Бұл салмақта Гюзель Манюрова өнер көрсетеді. Басты бәсекелестері: Аделина Грэй (АҚШ), Василиса Марзалюк (Беларусь), Чжоу Цзянь (Қытай). Жарыс жолына 18 тамыз күні шығады. Таэквондо Таеквондодан тек үш спортшы ғана жолдама иеленді. Олар: Жансель Дениз (67келі), Айнұр Есбергенова (49 келі), Руслан Жапаров (80келі). Руслан Олимпиаданың ашылу салтанында Қазақстанның туын ұстап шықты. 17 тамыз. (Әйелдер: 49 келі. Іріктеу сайыстары. Басталуы – 18.00. 18 тамыз. Финал. Басталуы – 05.00. 19 тамыз. (Әйелдер: 67 келі). Іріктеу сайыстары. Басталуы – 18.00. 20 тамыз. Финал. Басталуы – 05.00.  src= 20 тамыз. (Ерлер: +80 келі). Іріктеу сайыстары. Басталуы – 18.00. 21 тамыз. Финал. Басталуы – 05.00. Қазақстан 2008 жылы таэквондодан бір қола медаль еншілеген. Содан кейін бұл спорт түрінен жүлде жоқ. Қыз-жігттеріміз сол олқылықтың орнын толырады деп сенеміз. Көркем гимнастика Көркем гимнастикадан ел намысын Әлия Юсупованың шәкірті Сабина Әшірбекова қорғайды. Көркем гимнастика спортында фавориттердің қатарында ресейлік Яна Кудрявцева мен Маргарита Мамун фаворит саналады. Мамандар осы екеуінің біреуі алтын алады деп болжап отыр. Біз Сабина алғашқы ондыққа ілінеді ме деп үміттенеміз.  src= Жарыс жолына 19 тамыз күні шығады. Қазіргі бес сайыс Бес сайыстан Қазақстан Олимпиада құрамасы сапында Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко бар. 8 тамыз. Ерлер. Басталуы – 19:00, әйелдер – 23:30.
Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар