Денсаулық
Қазақстан мен АҚШ экстремизм мен терроризммен бірлесе күреспек
- author «Ақ жол»
- 16 тамыз, 2016
- 458
Қазақстан мен АҚШ экстремизм мен терроризммен бірлесе күреспек
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Сара Сьюэллмен кездесіп, екі елдің ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz.
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен оны дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша тараптар пікір алмасты.
«Мен Вашингтонда өткен кездесу үшін алғыс айтамын Ашық түрде диалог құрып, екі тарап үшін өте маңызды мәселелерді талқыладық. Биылғы жылы біз еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінді. Обама мырза президенттік етіп отырған қазіргі уақытта біздің байланысымыз нығайа түсті. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдаған АҚШ-қа алғыс айтамыз», - деді Г.Әбдіқалықова.Мемлекеттік хатшы Қазақстанның Орталық Азия елдері және АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары деңгейіндегі «С5+1» форматындағы диалогты қуаттайтынын атап өтті. Бұл бастама өңіріміздің жаһандық экономикалық үдерістерге кірігу жолындағы Орталық Азия мемлекеттері және АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың өзара тиімді дамуына жағдай жасауы тиіс.
«Биылғы жылы Вашингтондағы саммитте сөз сөйлеген Мемлекет басшысы «Әлем. XXI ғасыр» манифестін жариялады. Онда дүниежүзін ядролық қатерден құтқару, тұрақты әлемнің географиясын кеңейту, әскери блоктарды жою және әлемдік дамудың қағидалық жаңа парадигмаларын әзірлеудің нақты ұсыныстары баяндалған. АҚШ ел бұл манифестті қолдайды деген үміттеміз», - деді Мемлекеттік хатшы.
«Біз діни экстремизм мен терроризм бойынша сіздердің алаңдаушылығыңызды қолдаймыз. Бұл ретте сіздермен тығыз қарым-қатынас жасайтын боламыз. Қазіргі уақытта Қазақстан БҰҰ-ның Бас хатшысының экстремизмге қарсы іс-қимыл жоспары бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Біздің өзіміздің ұлттық жоспарымыз бар. Арнайы терроризмге қарсы топ жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, бұл бағыттағы бірлескен жұмыс жалғасын табады», - деді Мемлекеттік хатшы.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




