Денсаулық
Олимпиаданың 11-ші күнінде қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сынға түседі
- author «Ақ жол»
- 16 тамыз, 2016
- 711
Олимпиаданың 11-ші күнінде қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сынға түседі
Рио Олимпиадасының он бірінші күнінде қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрі бойынша бақтарын сынайтын болады,- деп хабарлайдыSports.kz.
Жарыс күнін ерлер арасында 10 шақырымға жүзу марафонына қатысатын Виталий Худяков бастайды. Астана уақытымен сағат 18:23-те Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева байдаркада 500 метрге жұптасып есудің финалында өнер көрсетеді.
Сағат 18:47-де байдаркада 200 метрге жекелей есу финалында Инна Клинова ел намысын қорғайды.
Сағат 20:19-да жеңіл атлет Анастасия Пилипенко кедергілермен 100 метрге жүгіреді.
Боксшы Жайна Шекербекова (51 кг дейін) сағат 2:15-те ширек финалда әлемнің экс-чемпионы франциялық Сара Урамунмен жұдырықтасады.
Боксшы Әділбек Ниязымбетов (81 кг дейін) Астана уақытымен 3:30-да финалға шығу үшін британиялық Джошуа Буатсимен қолғап түйістіреді.
Олимпиаданың он бірінші күні қазақстандық спортшылар үшін Иван Дычконың (91 келіден жоғары) нигериялық Эфе Аягбаға қарсы ширек финалдық кездесуімен аяқталады.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




