Денсаулық
Мен әділ төреліктің болғанын қалаймын - Ресей құрамасының бапкері
- author «Ақ жол»
- 16 тамыз, 2016
- 449
Мен әділ төреліктің болғанын қалаймын - Ресей құрамасының бапкері
Ресей құрамасының бапкері Эдуард Кравцов Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Олимпиада ойындарындағы Василий Левит пен Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегіндегі төрелікке қатысты ойын бөлісті.
"Енді не айтайын, барлығы жекпе-жекте кімнің жеңіске жеткенін көрді. Мен әрқашан әділ төрелік үшін. Сондықтан мен бапкерлердің және спортшылардың еңбегін әділ бағалауын қалаймын. Біз бапкерміз, сондықтан Василий мен оның бапкерлеріне, жалпы боксқа обал болды! Себебі рингте кездесетін мұндай жағдайлар спорттың бұл түріне жараспайды. Өкінішке қарай, бұл Олимпиада ойындарында өтіп жатқан жалғыз спорт түрі емес. Біздің боксшы жұдырықтасуға шықты, жеңгісі келді. Бірақ оған қол көтермегені үшін ол кінәлі емес. Өкінішке қарай, бокссүйерлер үшін біз алғымыз келгенді алдық...", - деді Кравцов.
Еске салайық, 91 келі салмақтағы қазақстандық Василий Левит жартылай финалдық жекпе-жекте кубалық Эрисланди Савонменжұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал ширек финалда отандасымыз Кеннеди Сен-Пьеррді тізе бүктірген болатын. Ал кеше, 15 тамызда 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде Василий Левит ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен жұдырықтасып, Рио Олимпиадасыныңкүміс медалін жеңіп алды.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




