Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері
Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасты.
Василий Левит жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонмен жекпе-жекке шығып, оны 2:1 есебімен ұтқан болатын.
Василий Левит екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Ол Олимпиаданың ширек финалында мавританиялық Кенеди Сен-Пьеррді 3:0 есебімен ұтып, жарыс жолынан тайдырған болатын.
Ал оның алдындағы іріктеу сайыстарында қытайлық Юй Фенкайды екінші раундта нокдаунға түсіріп, үшінші раундта қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартқан.
Міне, бүгін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




